Мен, 1988 жылы 12 қаңтар күні дүниеге келдім. Оңстүтік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы №6 Б.Момышұлы атындағы көп салалы мектеп-гимназиясын бітіріп, 2006 жылы Мемлекеттік грант бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті, филология факультетіне оқуға түстім. Жанұяда бес адам бар. Әкем – Тоқаев Лесбек, көлік жүргізуші. Анам – Мауленова Клара, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Әпкем – Тоқаева Гүлбану, студент. Інім – Шамшат Нұржан, 10 сынып оқушысы. Өзім көптеген аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазымын. Солардың біразына тоқталып кетер болсақ, мәселен, 2005 жылы Республикалық «Шайхана» сканвордтар газетінен «Домбыра» ұтысының жеңімпазы; Облыстық «Қызық құпия» газеті «Жас қалам» бәйгесінің 2-орын иегері; Республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналы «Тілім, менің мәртебелі!» бәйгесінің 1-орын жеңімпазы; Облыстық ішкі саясат департаменті Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын облыстық оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын мен қалай түсінемін?» атты оқушылар шығармалары байқауының Бас жүлде иегері; Облыстық ішкі саясат департаменті облыстық жас журналистердің деңгейін көтеру     мақсатында «Жастарға сөз берейік!» атты облыстық жас журналистер байқауында ынталандыру сыйлығының лауреаты; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тәуелсіздігіміздің 16 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты жыр мүшәйрасында 3-орын иегері; Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқарамасы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында ынталандыру сыйлығының жеңімпазы т.б. Көптеген туындыларым республикалық басылым беттерінде жарияланып келеді. Мәселен, «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Түркістан», «Абитуриент», «Қазақстан мұғалімі» және «Қазақстан әйелдері», «Ақ желкен», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек», «Денсаулық», «Отбасы және Денсаулық» сияқты газет-журналдарда жарық көріп келеді.