Газеттерде болсын, электронды ақпарат құралдарында болсын журналист ағайындарға шығармашылық сипаттама бергенде батылдығы, шеберлігі, деректерді талдай білетін зеректігі туралы жиі айтылады. Өзіндік стилі қалыптасқан қабырғалы қаранардай тәжірибелі қалам иелерінің жөні бөлек. Read the rest of this entry »

Бүгінде жұртшылықтың біраз бөлігі сан қилы ақпаратты көз алдыңызға жіліктеп беретін ғаламтор желісін шемішкеше шағатын жағдайға жетті. Алайда, өзіміздің де, өзгенің де тарапынан өгейлікке ұшыраған қазақ тілінің ғаламтордағы халі мақтанарлық жағдайда емес. Read the rest of this entry »

Бүгiнде мемлекеттiк тiлдiң ресми тiлден де, Қазақстандағы басқа да 130 этностың тiлiнен де ешқандай артықшылығы жоқ екендiгiн айқын байқаймыз, оны былай қойғанда құжаттық iс-қағаздар қай тiлде жүргiзiлетiнiне қарамастан қажеттi ақпаратты ресми тiлде де алуға кепiлдiк берiледi. Мiне осының астарына үңiле қарасақ, ана тiлiмiздiң мәртебесi биiктейдi дегенге сену қиын. Бәрi де «баяғы жартас бiр жартас» болып қала беретiн сыңайлы. Read the rest of this entry »

Біреу құл сатып аларда: «Мұның не айыбы бар?» – деп сұрапты сатып алушы. «Сәл өсек айтатын өнері бар» дейді сатушы. «Айыбы ауыр емес екен» деп қабылдайды. Келген соң құл қожасының әйеліне: «Қожайынның саған деген махаббаты кем екен және бір сұлуды алғысы келетінін байқадым. Күйеуің ұйықтап жатқанда сақалының астынан ақырын ұстарамен қыл кесіп алып берсең, мен жады дуасын оқып, саған ғашық етіп қояр едім» дейді. Әйелдің күйеуіне барады да: «Қатыныңыз бір кісіге ғашық болыпты. Сізді өлтірмекші ниетте, сөзіме күмәндансаңыз, ұйықтаған адам сияқты жатыңыз, өзіңіз байқайсыз» депті.
Қожайын жалған ұйықтаған кісі болып жатады. Сөйтсе, әйелі ұстара алып келіп, күйеуінің сақалынан ұстай береді.

Осы кезде «мені өлтірмекші екен» деп ойлаған күйеуі орнынан секіріп тұрып, әйелін табанда мерт етеді.

Ал өсекші әйелдің ағаларына қарындасыңды жазықсыз қара ниет байы өлтірді, сендер де жігер бар ма, оны неге өлтірмейсіңдер деп хабар беріп, қожайынды да өлтіреді. Сөйтіп бір өсекшінің жала сөзінен қанша жазықсық жандар қаза табады

Қазіргі заманда жолаушы тасымалдайтын автокөліктердің түрі де, саны да көп. Алматы қаласында жеке фирмалардың таксилері оған қоса жеке меншік таксилер, қала сыртына қатынайтын жолаушы тасымалдайтын қаншама автокөліктер бар. Read the rest of this entry »

Жас күйші Мұрагер Сауранбаевты танымайтын қазақ кемде-кем. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, алып мұхиттың арғы бетіндегі алпауыт мемлекет – АҚШ-ты қара домбыраны қапысыз қағумен-ақ таңдай қақтырып, Құрманғазының «Балбырауынымен» балқытып қайтқан еді. Міне, сол жас жігіт Мұрагер Сауранбаевпен сәті түсіп сұхбаттасқан едік. Read the rest of this entry »

Қазір жарнамаларда әйелдердің тәнін пайдалану белең алып барады. Телеарналарда кез-келген затты жарнамалау үшін әуретін ашып, жалаңаштанған қыз-келіншектерді көр­сетеді. Тіпті әлгі затқа бұл әйелдің қатысы қанша екенін түсіне алмай басың қатады. Әсіресе ол үй техникасы, косметикалық тауарлар немесе тамақ өнімдері болса бір сәрі, тіпті техниканы да әйелдің тәнін жалаңаштап жарнамалап жатады. Read the rest of this entry »

«Сөз сүйектен өтеді» деп бекер айтыла салған жоқ. Сай-сүйегіңді сырқыратар
алуан түрлі өткір сөздер жанарыңды жағып, жаманыңды қағып жіберген. Қазақтың
шешендері осы тілмен ел билеген. Қара қылды қақ жарып, әділетті билік айтқан.
Қазақ тілінің қазақ ұлтына жасаған қызметін кім есептер? Ата-бабамыз ғасырлар бойы
заңды да, билікті де осы қазақ тілімен ұстап отырған. Би-шешендеріміз ел билігін
қазақ тілімен жүргізген, әр сөзді тұңғиық тереңнен тартып, шешімін ортаға салған.
Қазақ әділетті сөзге бас иіп, сөз құдіретіне табынған. Мақалдап-мәтелдеп,
түйіп-түйіп сөйлейтін басқа шешен тіл бар-жоғын білмеймін. Білерім, қазақ
сөздері керемет теңеулерден тұрады, ойдан шыққан асыл сөз ел аузында мәңгіге
қалып қояды. Осы қазақ тілімен билер орыспен де, қытаймен де, Батыспен де, араб
әлемімен де кеуде қағысып, құшақ жайысып қазақ дипломатиясын жүргізген. Қасты
да жеңіп, досты да таптырған осы — қазақ тілі. Қорғанысымыз да, ар-намысымыз
да осы тіл еді. Басқамен иық тіресіп, тең түсетін ұпайымыз да, елдігіміз де осы
тіліміз еді. Бүгін ол не болды? Read the rest of this entry »

Ән – қазақтың бағына берген асыл қазынасы. Ән – ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы. Ғасырлар қойнауынан тамыры үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрлі әндерде өткен алмағайып кезеңдердің айқын белгісі жатыр. Қазақтың дәстүрлі әнінің тарихы VII-VIII ғасырларда өмір сүрген Қорқыт бабамыздан да тереңірек бастау алатын секілді. Ал, осы абыз бабамыздың қобызда орындалатын күйлері қай уақытта нотаға түсіп, қай жерде сақталған? Тек оның асқан күйші-қобызшы болғанын Рашидедин, Абылғазының тарихи деректерінен ғана біле аламыз. Бүгінде халықтың әуеніне айналып кеткен дәстүрлі әндердің кезінде өз авторлары да болған. Алайда, сол композиторлардың дүниеге келген әні елдің санасында жатталып, қағазға қатталып халықтық әнге айналып кеткен. Өткен ғасырда қазақ даласын кең аралап, оның бай ауыз әдебиетін жинаған Потанин, Радлов секілді орыс ғалымдарының еңбегі бір төбе. Мысалы, музыка зерттеушісі Затаевич ат арбаға мініп, дала кезіп жинаған 1926 жылы «Қазақтың 1000 әні», 1935 жылы «Қазақтың 1500 ән-күйі» деген атпен жарық көрген еңбектерінің өзі неге тұрады? Демек, дәстүрлі әннің сарынын ұғып, түсінген өзге ұлт өкілдеріне мың алғысыңды білдіресің. Ал, біз атадан қалған асыл өнерді қалай түсініп, бағалап жүрміз дегенде, еріксіз тіліңді тістеп қаласың.
Read the rest of this entry »

Жақында Қызылорда қаласында таңғажайып оқиға орын алды. Осы қалада тұратын Мәдина Әбілқайырова деген 18 жасар бойжеткеннің денесіне бір түнде ғайыптан Құран сөздері жазылып шыға келген. Таңғажайып оқиғаға куә болған Ақылбек Сыздықов: «Мен көптен бері табиғатта пайда болып жатқан мұндай ерекше құбылыстарды, таңбаларды зерттеп жүргендіктен, Мәдинаның жағдайын ести сала, өзін арнайы барып көріп қайттым», – дейді.

Read the rest of this entry »

Өлеңмен өрнектелген өмірім

1

Нұркен ТОҚАЕВТЫҢ блогы

Мұрағаттар

Соңғы пікірлер